Сал ауруына шалдыққан балалардың ата-аналарына арналған тренинг. Астанада «Қасиетті жол» қоғамдық қорының оңалту орталығы осындай игі бастаманы қолға алып, жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Мақсат - ата-аналарға моральдық тұрғыдан қолдау көрсетіп қана қоймай, дертті жеңе білу үшін тиісті кеңес беру.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының демеушілігімен құрылған орталық әр сенбі сайын адамға лық толады. Демалыс күндерінің бірі мұнда ата-аналар күні деп бекітілген. «Әдетте балақайлардың әкелері де, аналары да келетін», - дейді мамандар. Бірақ бұл жолы бір ғана әке келді. Ерке қызы Қарақаттың қасынан бір елі шықпайтын Қанат аға, кешенді емнің шипасы мол, дейді.
Қанат Құлшар, ата-ана:
Өте жақсы болды, өз дәрежесінде. Баламызға да әсері мол болды. Мұнда құралдар бар екен. Велосипед, ат, тағы басқалар. Барлығы бала денсаулығын оңалтуға өте көп септігі тиеді деп есептейміз.
Мәз-майрам болған бүлдіршіндер осы аптада ата-аналарымен бірге моториканы дамытатын жаттығу кешенін орындап жатыр. Қағаздан гүлдесте жасап, оригами әдісін меңгеруде. Өзге күндері де жаттығу жасап, денемізді шынықтырамыз дейді.
Сегодня все мамы делали зарядку. Там было интересно.
Надежда Беда, ата-ана:
Все было интересно, да! Мамам это очень хорошо. Мамы маленько отключаются от своих проблем, которые тяготят. Отключаются. А потом с новыми силами идем к победе.
Айнұр Нұрхожаева, «Қасиетті жол» оңалту орталығының дәрігері:
Осы тренингтер кезінде ата-анаға мейлінше мол ақпарат беруді жоспарладық. Сондықтан дәрістерімізді тақырып-тақырыпқа бөліп тастадық! Орталықтағы әрбір маман ата-анамен қалай жұмыс істеу керектігін біледі.
«Ата-анамен дұрыс жұмыс істей білу өте маңызды», - дейді мамандар. Өйткені баланың айығып кетуі ата-анаға да байланысты. Оңалту орталығында сал ауруына шалдыққан 250-ден астам сырқат бала ем алуда. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген науқастарға медициналық, әлеуметтік, педагогикалық көмек көрсетіледі. Психолог, логопед мамандар кешенді ем тағайындайды. Әрбір бала 21 күннен тұратын оңалту курстарынан өтуде.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА