Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі елдің экономикалық ахуалына қатысты пікір білдірді. Сұхбат бірнеше ақпарат құралдарында жарияланды.
Экс-премьер бүгінгі экономикалық жағдайды тоқсаныншы жылдармен салыстыруға мүлде келмейтінін айтады. Қазір жағдайды түбегейлі өзгертудің түрлі жолдары бар. Оларды барынша пайдалану керек, - дейді Сергей Терещенко.
Сергей Терещенко, ҚР экс-премьер-министрі (1991-1994 жж.):
Менің ойымша, тұрақсыздық әлі біраз уақытқа созылады. Валюта бағамының қай деңгейге барып тоқтайтынын ешкім болжай алмайды. Юань, рубль де құлдырау үстінде. Сондықтан теңгеге сатып алынатын азық-түліктерді көптеп өндіру керек. Экспортқа бейім кәсіпорындарға қолдау көрсету кезек күттірмейді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ