Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада 12 жастағы бала қатарынан төрт жыл мектепке бармаған

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2014
  • 1921

Қызылордада мектепке төрт жыл қатарынан бармаған 12 жастағы Ерназ Жұмабаев қайтадан мектеп партасына отырды. Оның құрдастары 7-ші сынып оқығанымен, ол оқу бағдарламасынан қалып қалғандықтан 3-ші сыныпқа қабылданған. Қалалық оқу бөліміндегілер бұл жайтта ата-анасын кінәлайды. Олар 2010-шы жылдың ортасында 2-ші сыныпта оқып жүрген Ерназды мектепке жібермей қойған. Қанша сөйлесіп, ақылға шақырғанымызбен, көндіре алмадық дейді.

Бұл іске сот араласып, Жұмабевтарды ата-ана құқығынан айырған. Дегенмен, Ерназ қазір №1-мектеп-интернатта оқып жүр. Ортасымен де тіл табысыпты. Сабақ үлгерімі де жаман емес. Тіпті, ән айту үйірмесіне жазылған. Қалалық білім бөлімі мамандары, осы бірінші тоқсанның нәтижесімен комиссия оны келесі сыныпқа көшіру мәселесін шешетінін айтты.

Ерназ Жұмабаев:

Өзіме сабақ ұнайды, оқыған ұнайды. Ертең өзіме керек, өскен кезде жұмыс істеймін. Дәрігер болғым келеді. Бірақ үйгеде қайтқым келеді, мамамды да сағынамын.

Шарипа САҚТАПОВА