Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда жаяу жүргіншіні тонаған бес қарақшы ұсталды

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2014
  • 1435

Қарағандыда жаяу жүргіншіні тонаған бес қарақшы ұсталды. Тәртіп сақшылары көшедегі бейнебақылау камерасы арқылы олардың ізін суытпай қолға түсірген. Бұзақылар кешқұрым алаңсыз келе жатқан 24 жастағы адамға шабуыл жасап, 15 мың теңгесі мен құжаттары салынған әмиянын тартып алған. Сөйтіп, «БМВ» маркалы жеңіл көлікке міне қашыпты. Алайда көше бойындағы бейнебақылау камерасы күдіктілер отырған көлікті де анықтауға сеп болған. Жәбірленуші полицияға дереу шағым түсіріп, оңай олжаға кенелгісі келгендердің пиғылы іске аспады.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Күдіктілердің тұрған жері туралы ақпарат жақын маңдағы жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне хабарланды. Күдіктілерді қолға түсірді. Ұсталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір уақытша изоляторда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

А.КУАШ