Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда балық инспекторы браконьерлікпен қолға түсті

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2014
  • 1095

Атырауда балық инспекторы браконьерлікпен қолға түсті. Ол құзырлы орган мамандары бірлесіп, балық қорғау шараларын жүргізіп жатқанынан хабарсыз болса керек.

Махамбет аудандық балық инспекциясының қызметкері әуелі әріптестерінен қашып құтылмақшы болған. Алайда, Атырау-Астрахань тас жолы бойынан тоқтауға тура келді. тексере келе балық қорын қорғаушының көлігінде 3 қапқа салынған, жалпы салмағы 50 келі бекіре тұқымдас балық табылды. Ол түсінік беруден және бағалы балыққа қатысты қандай да бір құжат көрсетуден бас тартқан.

Жақсылық Сикимов, Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының көмекшісі:

Аталған дерек бойынша, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Махамбет балық инспекциясының қызметқеріне қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 290 және 308-баптарымен қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде.

Қызметін асыра пайдаланып, мемлекетке 400 мың теңге шығын келтірген инспектордың әрекетін, артынша Атырау қаласы Аманкелді селосының тұрғыны жалғастырған. Ол өзінің «Ямаха 200» қайығымен жалпы салмағы 84 келіге тартатын 29 дана бекіре балығын жағаға алып шықпақшы болған жерінде қолға түсті. Қайықта сондай-ақ бекіре тұқымдас балық аулауға арналған 2 дана ау торы тәркіленді. Қазір заңды белден басқандардың әрекеті тергеліп жатыр.

Базаркүл ІЗІМОВА