Жезқазғандық полицейлер өз қаруларын өздері ұрлады. Ішкі істер бөлімінің сейфінен жоғалған 4 бірдей тапаншаны жымқырған күдіктілер ұсталды.
Тексеру барысында қалалық ішкі істер басқармасының 2 бірдей инспекторының қару ұрлығына қатысы бары анықталып, қамауға алынған. Лицензиялық-рұқсат беру жүйесі мен тылды қамтамасыз ету бөлімінің 2 инспекторы бірлесіп, Қарағанды облыстық ІІД-не құртуға жіберілген 113 түрлі әскери қарудың арасынан 4 табельдік қаруды жымқырып қалған. Қазір полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облыстық ІІД-нің жеке қауіпсіздік басқармасы арнайы тексеріс жүргізуде.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:
Ұрланған қарулар тәркіленіп алынды. Қылмыстық іс қолғалды. Олар қамауға алынды.
Айжан КУАШ