ҚР шекара қызметінің автокөлігі кісі өліміне әкеп соққан жол апатына тап болды. Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылында шекара қызметінің УАЗ автокөлігі жүк көлігімен соқтығысып қалған. Салдарынан қызметтік автокөлікті тізгіндеген жүргізуші мен 5 жасар бала ажал құшқан. Жүргізуші Шымкент қаласының тұрғыны, шекара қызметіне келісім-шарт бойынша жұмысқа тұрған деген ақпарат бар.
Жалпы, көліктердің соқтығысуы салдарынан 6 адам жапа шекті. Жарақаты ауыр үш адамды санавиация облыстық ауруханаға жеткізді. Бірақ, екеуінің өміріне дәрігерлер араша бола алмаған. Әзірге апаттың жай-жапсары жария етілмей отыр.
Илхам ИБРАГИМ