Халықтық IPO аясында қазақстандықтар KEGOC энергетикалық компаниясының акцияларын данасына 550 теңгеден сатып алуға мүмкіндік алды. Бағаны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Директорлар кеңесі бекітті, - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Отандық қор биржасындағы ашық саудаға 26 миллионға жуық дана құнды қағаз шығарылмақ. Сатылым 5 қараша мен 3 желтоқсан аралығында жүреді.
Айта кетейік, бұл «Самұрық-Қазына»-ға қарасты компанияның 10 пайыз акциясы. Азаматтарымыз ұлттық қордың акционері болу үшін «Қазпошта»-ға өтініш білдірулері тиіс. Халықтық IPO-ға сондай-ақ, брокерлер мен Бірыңғай ұлттық зейнетақы қоры қатысады. Соңғылары акцияларды жиналған зейнетақы қаражатына алуды жоспарлап отыр.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ