Русский Сайттың толық нұсқасы

Украинаның ұлттық банкі ресей рублімен депозит ашуға және несие беруге тиым салды

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2014
  • 1245

Украинаның ұлттық банкі ресей рублімен депозит ашуға және несие беруге тиым салды. Бұл туралы «РИА Новости» хабарлайды.

Сондай-ақ, Ресей валютасын Қырым шекарасы арқылы алып өту шектелмек. Жеке тұлғаларға 10 мың гривенге дейін ғана тасымалдауға рұқсат етіледі. Бұған қоса Бас қаржы институты «Қырым» еркін экономикалық аймағында тіркелген немесе тұрақты тұратын жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетпейтін болып шешті. Қыркүйекте Украина Ұлттық банкі гривнаны қолдау үшін төлем карталары арқылы шетелдік валюта беруге тиым салған. Банктерге тәулігіне 1000 доллар ғана алып-салу туралы шектеу тағы үш айға созылды.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА