Украинаның экономика министрлігі Ресей арасындағы еркін саудадан 900-ге жуық тауар түрін алып тастамақ. Бұл туралы ведомствоның сайтында хабарланған.
Шектеу қойылған тауарларға ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, сусындар мен қант енген. Сондай-ақ, «қара тізімге» жануарлар жемі, тыңайтқыштар, табак өнімдері, косметикалық заттар, киім-кешек, аяқ-киім, жиһаз, тұрмыстық техникасы да кірген. Алғашқы тізбе қазан айының басында жарияланған болатын. Онда 823 тауар түріне шектеу қойылған-ды.
Айта кетейік, бұдан бұрын «Россельхознадзор» тауарларда тиісті таңбалар қойылмаған деп, украиналық өнімдерге шектеу қойған болатын.
Жұрағат БАМАН