Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев белгілі қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовті қабылдады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің бірқатар маңызды мәселелері талқыланды. Еліміздің алдында тұрған таяу кезеңде жүзеге асырылуы тиіс әлеуметтік-экономикалық міндеттер де сөз болды. Сондай-ақ Оралбай Әбдікәрімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шараларына қатысты өз пікірлерімен бөлісті.
Оралбай Әбдікәрімов, қоғам қайраткері:
Алтын уақытын бөліп қабылдағаны үшін, Елбасыға алғысымды білдіремін. Кездесуде бірнеше мәселелер көтерілді. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық жағдайлары мен соған қарсы күрес бойынша ұсыныстар айтылды.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ