Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанға мемлекеттік іссапармен келді. Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекеттік сапар 6-7 қарашаға белгіленген еді.
Бүгін Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 4-отырысы өтеді. Онда негізінен энергетика саласындағы байланыс жайы талқыланады.
Айта кетейік, бұл биылдыққа қырғыз президентінің Қазақстанға жасаған екінші сапары. Қырғыз президенті наурыздың 26-нда Алматыда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылаған еді.
Жұрағат БАМАН