Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде сөз өнерін зерттеу орталығы ашылды

  • AstanaTV
  • 14 қараша 2014
  • 1678

Сүлейман Демирель атындағы университеттің ізденімпаз ғалымдарының бастамасымен әдебиет пен ақпараттық технология мүмкіндіктерін бір арнада тоғыстыратын «Сөз өнерін зерттеу орталығы» ашылды. Ғылыми орталықтың басты ерекшеліктері - негізгі бас зертхана онлайн жүйесімен жұмыс істейді, деп хабарлайды «Айқын» басылымы.

Бұл сайттың тиімділігі - әр тұтынушы сайтқа тіркелу арқылы өзінің туындыларын, дәрістерін енгізіп, керекті материалдарды тіркей алады. Орталықтың тұсаукесерінде сөз алған университет басшылығы бұл бағытта барлық көмектерін аямайтынын жеткізді.

Алдағы міндет - бабалар сөзін және халық әдебиетін, сондай-ақ әлемдік сөз өнері жауһарларын жүйелі зерттеу, таныту, насихаттау, әдебиетті қоғамның барлық тетіктерімен бизнес, медиа тағы басқа салалармен тұрақты байланысын қалыптастыру, гуманитарлық ғылымдардың қоғамдық беделін көтеру, талантты зерттеушілерге мүмкіндік жасау. Сондай-ақ, өзіміздің төл әдебиетіміз арқылы қазақ мәдениетін насихаттау.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА