Үкімет елдің экономикалық даму бағдарламасында екінші жарты жылдыққа белгіленген жоспарларды бірінші жарты жылдыққа ауыстырады

  • AstanaTV
  • 19 қаңтар 2016

Үкімет елдің экономикалық даму бағдарламысында екінші жарты жылдыққа белгіленген жоспарларды бірінші жарты жылдыққа ауыстырады. «Бұл туралы Үкімет үйінде өткен жабық жиналыстан кейін Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді», - деп хабарлайды «Интерфакс».

Министрдің айтуынша, жиында түрлі сценарийлер талқыланған. Үкіметті Иранның санкциядан босатылуы да бей-жай қалдырмаса керек. Болжамдар әртүрлі. GP Morgan бұған дейін мұнай баррелінің жылдық орташа бағасы 52 АҚШ валютасы десе, кеше 31-ге бір-ақ түсірген. Ал ОПЕК 24 деп белгіледі.

Ерболат Досаев Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдаралама өзгеріске ұшырайтынын айтты. Жекешелендіру өткен соң, одан түскен қаржының қай салаға бағытталатыны анықталады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының жай-күйі, азық-түлік өндірісі, импортты алмастыру жолдары талқыланған. Ал жалпы ішкі өнім мен инфляция деңгейі әзірге бұрынғыдай қалады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ