Серік Ахметов үй қамақта 2 ай отыратын болды. Оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған. Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық сотының қаулысына сай ол қаңтардың 18-іне дейін тұрғылықты мекен-жайында үйқамақта болуы тиіс. Прокурорлар Серік Ахметовтің денсаулығы мен жақсы мінездемесін ескеріп, осындай шара қолдануды сұраған. Алайда, шешім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сот өкілдері айыпталушының 3 күн ішінде қайта шағымдануына құқығы бар екенін де ескертті.
Әлия Жошева, Қарағанды қаласы Қазыбек Би аудандық сотының жауапты хатшысы:
Серік Ахметов Нығметұлына ҚР ҚК-нің 176-бабы 7-бөлімі Б пункті бойынша қазына қаржысын жымқырды деген ауыр айып тағылды. Сот айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданып, үй қамаққа алу туралы қаулы шығарды.
Айжан ҚУАШ