Президенттің «Нұрлы жол» Жолдауында айтылған тапсырмалардың әлеуметтік мәселеге қатысты тұстары елдің есінде қатты сақталған. Заманауи даму институты жүргізген арнайы зерттеу осыны көрсетті. Телефон арқылы жүргізілген сауалнамаға бас-аяғы 600 адам қатысқан.
Олардың 72%-ы жолдаудың ерекшелігі ретінде арендалық баспана салудың жаңа бағдарламасын атады. 76%-ы әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақы көлемінің сақталуына мән берген. 67% -ы «Нұрлы жол» саясатын іске асыру аясында 200 мың жұмыс орны ашылатынын атап өтті. 65% -ы мектеп пен балабақша тапшылығын жою мәселесін орынды деп тапса, 59%-ы экономикалық өсімді сақтау үшін, Ұлттық қордан қаржы бөлген жөн дейді. Ал 55%-ы көлік инфрақұрылымын дамытуға назар аударған. 42%-ы ірі халықаралық инвесторларды тарту, 41% ШОБ-тің дамуына 100 миллиард доллар бөлу туралы тезистерді атап өтті.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ