Көз жасаурататын газ, отқа оранған көлік, ашулы топ. Фергюсонда қара нәсілді жасөсіпірімді атып тастаған полицейдің жазадан сытылып кеткенін естіген тұрығындар наразылық танытты. Қазылар күдіктіні сотқа беру негізсіз деп тапқан. Бұған келіспегендер полицейлерді таспен атқылап, көліктеріне шабул жасады. Кейбіреулері дүкендерді қирата бастаған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Оққа ұшқан Майкл Браунның отбасы мүшелері биліктен көңілі қалғандарын айтты. Дегенмен олар көпшіліктен наразылықты тоқтатуды өтінді.
Оқиға 9 тамызда болған еді. Куәгерлердің айтуынша, полицей мен жасөспірім сөзге келіп қалған. Нәтижесінде сақшы Даррен Уилсон балаға бірнеше рет оқ атқан. Ал Барак Обама Фергюсон халқын сабырлыққа, полицейлерді ұстамдылыққа шақырды.
Барак Обама, АҚШ президенті:
Біз бұл мәселенің Фергюсонға ғана емес, барлық Америкаға қатысы барын мойындаймыз. Біріншіден, біз заңға бағынатын ұлтпыз. Бұл қазылар шешімі екенін атап өткім келеді. Әркімнің әрекеті әртүрлі. Бірақ мен, Майклдың отбасы айтқандай, қарсылық білдірушілерден талапты бейбіт әдіспен қоюды сұраймын.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ