Русский Сайттың толық нұсқасы

Украина бюджеті Донецк зейнеткерлеріне 1 млрд 700 миллион гривна қарыз

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2014
  • 1096

Украина бюджеті Донецк зейнеткерлеріне 1 млрд 700 миллион гривна көлеміндегі зейнетақы соммасын төлемеген. Бұл шамамен 23 млрд теңгені құрайды. «РИА Новостидің» хабарлауынша, бұл туралы қалалық қаржы басқармасының бастығы  Елена Повалий мәлімдеді. Мемлекеттің берешегі шілде айынан бері жиналған. Себебі сол уақыттан бастап Украинаның Ұлттық банкі мен Мемлекеттік қазына қызметі Донецк халықтық Республикасы және Луган халықтық Республикасының тұрғындарына әлеуметтік төлем беруін тоқтатқан. 


Зейнеткерлер алдындағы қарыз 1 қарашаға дейін 1 млрд 24 млн гривнаны құраса, айдың соңына дейін бұл көрсеткіш 400 миллионға дейін өсіпті. Қалалық әкімшілік сонымен қатар Донецк халықтық Республикасының билігі зейнетақыны Донбасста таратуларына болатындығын атап өтті. Бұл жағдай Украинаның шығысындағы қақтығыстардан кейін басталды. Кейіннен өздерін республика деп жария еткендер өз төлемақыларын жасады. Алайда Донецк халықтық Республикасы бұл сәтсіз әрекет екенін мойындады.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ