Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің Бас жаңа жылдық  шыршасының шамдарын жағу салтанатына қатысты. Президент барша қазақстандықтарды алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. 
 
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 
 
Балалар бақытты болса, ел бақытты. Сендер үшін бүгін біз еліміздің ең негізгі шыршасын жағайық деп отырмыз. Жаңа жыл деген - ол ертегі. Жаңа жыл деген - арман. Жаңа жыл деген - күтіп отыратын мәселе. Сондықтан келе жатқан Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! 
 
Биыл Қазақстанның Бас шыршасы Ақорда алдында емес, «Астана Опера» театрының алаңында орнатылды. «Бақыт құсы» деп аталған шыршаның биіктігі - 25 метр. Ол жүздеген ойыншықтармен безендірілген. Шамдары да ерекше көрік беріп тұр. Бас шыршамен бір мезгілде республикадағы барлық шыршалардың шамдары жағылды. 
 
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА