Русский Сайттың толық нұсқасы

Абылай Мырзахметов: Елде девальвация қауіпі басым

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2014
  • 1052

Елде девальвация қауіпі басым. Құрылысқа қаржы құятын инвесторлар сол себепті әліптің атын бағып отыр. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов бірінші еуразиялық құрылысшылар конгресінде осылай деді.

Абылай Мырзахметов,  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

Девальвация қауіпі барын жасырмаймын. Біз сондай тұрақсыз кезеңді бастан кешудеміз. Ресейдегі рубль мен доллар бағамы көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Бір кеңістікте болғандықтан, біз мұны еріксіз бақылауда ұстаймыз.

Доллар бағамының өсуін күтіп жүргендер жиғанын жаратуға асықпайды. Ал ірі инвесторлар болса, салаға қаржы құюға қорқақтап отыр. Абылай Мырзахметовтың айтуынша, құрылыс саласы 2007-2008 жылдардағы дағдарыстан енді ес жиған еді. Қазір бұл сала жалпы ішкі өнімнің 8 пайызын құрайды. Бірақ  қалыптасып отырған ахуал оның дамуын тежеуі мүмкін. Дегенмен Мырзахметов құрылысты қаржыландыруға екінші деңгейлі банктер арқылы 1 триллион теңгеден астам қаржы бөлінгенін де еске салды. 

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ