Бүгін Қазақстанға Франция Президенті Франсуа Олланд ресми іссапармен келеді деп күтілуде. Президент баспөз қызметінің хабарлауынша, Олландтың сапары 5-ші және 6-шы желтоқсанға жоспарланған. 
 
Екі ел басшыларының кездесуі барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы Францияға сапары кезінде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асыру барысы талқыланады. Сондай-ақ, екі жақты қарым-қатынасты дамыту жағы да сөз болмақ. 
 
Илхам ИБРАГИМ