Шығыс Қазақстандағы мектеп асханаларында тазалық сақталмайды. Санитарлық дәрігерлер осыған көз жеткізді. Жыл басынан бері тұтынушылар құқын қорғау департаменті қызметкерлері 300-ден астам мектепте тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 184 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.
Мамандар оқушыларға берілетін тағам құрамын және асхананың жабдықталуын тексерген. Көп жағдайда қарапайым тазалық талаптары сақталмайтыны, яғни ыдыс-аяқтың дұрыс жуылмайтыны анықталды. Сондай-ақ, аспаздар жоспарлы медициналық тексерулерден уақытылы өтпейді екен.
Ғазиз Сүлейменов, ШҚО тұтынушылар құқын қорғау департаменті бастығы:
Асханадағы аспаздар ешқандай медициналық қараусыз, содан аурулар пайда болады. Әйтпесе тағамдардың сақталу мерзімі. Тазалық жөнінен асхана жұмысының тазалығы сақталмауы. Сол жағынан көп-көп қателіктер бар. Сол жағынан біз айыппұл салдық.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ