Русский Сайттың толық нұсқасы

Қолайсыз ауа райынан Астанада бірнеше әуе рейсі шегерілді

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2014
  • 1161

Күн райының күрт бұзылуынан Астана халықаралық әуежайында рейстердің ұшып-қонуы кешігіп жатыр. Бұл туралы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазіргі уақытта екі халықаралық және бес ішкі рейс жолдан қалды. Өскемен, Ақтөбе, Талдықорған және Қытайдан келетін ұшақтар қона алмай кері қайтқан. Ал Петропавл, Алматы мен Семейге жолаушылар Астанадан ұша алмай отыр.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА