Қазақстанның барлық аймақтарында күн суытып, нағыз аязды күндер басталмақ. «Қазгидромет» қатты боран мен аязға байланысты дауылды ескерту хабарламасын таратты. 7 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында қар борап, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ал келесі аптаның басында бұл аймақтарда ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 30 градусқа дейін суытады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы 25м/с болып, сынап бағанасы 34 градусқа дейін төмендейді. Алдағы демалыс күндері Астанада 30 градус аяз болады деп болжануда.
Илхам ИБРАГИМ