Ресей Қазақстанға қатынайтын пойыздарын тоқтатпақ. «Ресей темір жолдары» компаниясы 14 желтоқсаннан бастап Қазақстанмен бірге Украина, Тәжікстан, Әзірбайжан арасын байланыстыратын пойыздардың қатынауын бір жылға тоқтататыны туралы ресми түрде хабарлады, - деп жазады «ТАСС».
Компанияның ресми өкілі мұның себебін аталған бағыттар бойынша тасымал табысының аздығымен байланыстырған. Дегенмен, Молдова, Беларусь, Өзбекстан бағыттары бойынша пойыз қатынасы тоқтамайды.
Илхам ИБРАГИМ