Ақылды монитор.
Қостанай көшелерінде ақпараттық-танымдық, әрі жарнамалық ерекше экран пайда
болды.
Мониторды жеке кәсіпкер екі апта бұрын орнатқан
көрінеді. Көлік бизнесімен айналысатын қалталы азаматтың мақсаты - жүргізушілерінің
көңілін аударумен қатар көпшілікке ой салу болса керек. Тәулік бойы
жұмыс істейтін алып экран арқылы Омар
Хайямның, Бальзактың өзге де данышпандардың өсиет сөздері мен өлеңдерінен
үзінділер жарық көреді. Алма-кезек ауысып тұратын жазбаларда қанатты сөздер мен
әзілдер де кездеседі. Ал арасында кәсіпкердің жарнамасы жарияланады. Идея авторы, даналыққа деген
сұраныс ешқашан жоғалмайтынын айтады.
Владимир Винниченко, кәсіпкер:
Әйгілі адамдардың өсиеттері, әртүрлі қанатты
сөздер, ғасырдан-ғасырға жеткен үздік цитаталардан үзінді беріп отырамыз. Бұл
көлік жүргізушілері мен аялдамада автобус күтіп тұрған көпшілікке өте қызықты. Өйткені, қазір адамдардың көбісі ізденіп, кітапханаға барып оқымайды. Сондықтан, мониторда жарық көретін жазбалар терең ойға жетелері анық.
Заңғар САНАЙ