Бірер сағат бұрын Алматыға жақын маңда тағы да жер сілкінді. Магнитудасы 4,5 баллды құрайтын тербеліс таңғы сағат 07:45-те тіркелді, - деп жазады «Интерфакс-Қазақстан».
Тербеліс ошағы Алматы қаласының шығысында, шаһардан 77 шақырым жерде орналасқан. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық экспедициясы хабарлауда. Дүмпудің энергетикалық класы 9.1-ді құрайды.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА