Қостанайлық оқушылар кемтар жандардың
тұрмысын жеңілдететін құрылғы ойлап тапты. Олар құрастырған «ИнваРобот» мылқау
жандардың хабарламасын мониторға жаза алады. Бұл
құрылғыны арнайы қолғаппен немесе қалта телефоны арқылы басқаруға болады.
Дарынды балаларға арналған «Озат»
мектебінің оқушылары құлтемірдің моделін бір жылдың ішінде жасаған. «Кембағал
жандардың қолын ұзартатын» құрылғының құны 500 АҚШ долларын құрайды. Ал,
нарықтағы мүгедектер арбасы бұдан 4 есе қымбат дейді, - жас өнертапқыштар. Автоматтандырылған интеллектуалды кешен әлеуметтік жоба
аясында әзірленген. Жуырда авторлық құқығын растайтын патент алуды ойластырып
отыр. Кейін құрылғыны жаппай өндіріске енгізуге болады, - дейді
жоба жетекшісі.
Нұржан Бектемісов, «Озат» дарынды балаларға арналған
мектеп оқушысы:
Бұл құрылғыға қажет бөлшектердің құны 500 доллардан аспайды. Ал, басқару
пульті, қуатты батарейі бар мүгедек арбалары екі жарым мың доллардан жоғары
тұрады. Сондықтан, біздің жасаған модель анағұрлым арзан.
Александр Шерцер, информатика пәнінің мұғалімі:
Біздің оқушылардың басты мақсаты - әлеуметтік жоба аясында ғылыми
конференцияға қатысып, жүлделі орын алу емес. Көптеген мүмкіндігі шектеулі
жандарға қол ұшын созатын осындай құрылғыны жасап, оларға көмектесу.
Заңғар САНАЙ