Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда полиция көлігі қаққан әйел өз пайдасына кесілген сот үкімімен келіспей отыр

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2014
  • 1598

Қарағандыда полиция көлігі қағып кеткен Бибігүл Кәдірбекова облыстық ІІД-нен сот арқылы 7 жүз мың теңге өндіріп алды. №2-Қазыбек би аудандық сотының бұл шешімімен жапа шеккен әйел келіспей отыр.

Былтыр қараша айында көлік қағып кеткеннен кейін, Бибігүл 2-ші топтағы мүгедек атанған. Аяғы сынғандықтан, өздігімен жүріп, тұра алмайды. Жол апатының денсаулығына ауыр зиян келтіргені туралы сот сараптамасы болмағандықтан, сот процесі талабымды толық қанағаттандыра алмады, - дейді арызданушы. Бибігүл Кәдірбекова жарты жылдай төсек тартып жатқандықтан, анықтама құжатты дер кезінде ала алмағанын айтады. 35 жастағы әйел әу баста ішкі істер органынан 40 миллион теңге талап еткен болатын.

Бибігүл Кәдірбекова, 2-ші топтағы мүгедек:

Сот шешімі әділ емес. Денсаулығыма қаншама зиян келді. 2 балам бар. Кесіп берген ақшалары еміме де жетпейді. Протез салу керек деді дәрігер.

Еске салсақ, былтыр қарашада ІІД жол патрульдік полициясының инспекторы Мәди Рақымберлин жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан Бибігүл Кәдірбекованы қызметтік көлігімен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Бұдан кейін айыпты ішкі істер органдарынан қуылды. Дегенмен, тәртіп сақшысының кесірен мүгедек болған Бибігүл Кәдірбекова бұрынғы полиция қызметкерінің әлі күнге дейін жауапқа тартылмағанын түсіне алмай дал.

Айжан КУАШ