Еуразиялық экономикалық одақтың 2015 жылға арналған бюджеті бекітілді. Бұл мәселе Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында мақұлданды. 
 
Осыған дейін хабарланғандай, экономикалық одақтың бюджеті келесі жылы 6 млрд 638 млн 604 мың ресей рублі көлемінде қалыптасады. Мұндай сома Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жарияланған. 
 
Бюджет кірістері одаққа қатысушы елдердің үлестік салымдарынан қалыптасқан. Оның ішінде Беларусь - 312 млн-нан астам, Қазақстан - 487 млн-ға тарта ресей рублін салмақ. 
 
Ал, негізгі үлес Ресейдің еншісінде ортақ қазынаға 5 млрд 840 млн-ға жуық рубль салады. Сондай-ақ, отырыста алдағы қаңтардан бастап күшіне енетін Еуразиялық экономикалық одақ келісімін жүзеге асыру бойынша бірқатар мәселелер талқыланғаны хабарланған. 
 
Базаркүл ОТЫНШИЕВА