Барак Обама Ресейге жаңа санкциялар салудың ақталмайтынын айтады. «Рейтерс» агенттігі хабарлағандай, Обама мұндай жағдайда Вашингтон мен Брюссель қарым-қатынасына сызат түседі деп есептейді. АҚШ президенті газ тасымалының және еуропалық ауыл шарушылығы өндірушілерінің зиян шегіп отырғанын меңзесе керек.
Обаманың ойынша, жаңа санкциялар АҚШ пен Еуропа қарым-қатынасына кері әсер етпеуі тиіс. Дегенмен, «РИА Новости»: «АҚШ сенаты ел президентін Ресейге жаңа санкциялар салу құқынан айырған жоқ. Бұған қосымша, Украинаға әскери көмек көрсетуге де рұқсат берді», - деп хабарлады.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ