Байқоңырдан «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды. Бұл жолы Ресей тарапы «Газпром ғарыштық жүйесі» спутниктік байланыс операторының «Ямал-401» аппаратын ғарышқа көтерген.
Зымыран-тасығыш Астана уақыты бойынша сағат 3-тен аса ұшырылған. «Протон-М»-мен ұшырылған жаңа спутник Еуропа мен Азия аумағында байланыс және телехабар сигналдарын таратуға арналған.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА