Павлодар облысында 100-ге жуық инженер бірнеше айдан бері еңбекақы ала алмай отыр. Нақтырақ айтсақ, Екібастұздық ГРЭС-1 кәсіпорындағы нөмірі 2-ші энергоблоктың жобасын дайындаған мамандар, БАҚ өкілдеріне қордаланып қалған қарыздарын жаба алмай қалғандарын айтып шағымданды.
Айтуларынша, жұмыс берушінің берешігі 40 млн теңгеге жуықтаған. Жобалаушы орын алған келеңсіз жағдайды айтып, кәсіпорын басшылығына шыққан. Бірақ, жоғарыдан нақты жауап болмағанын айтты. Ал, өз кезегінде кәсіпорын әкімшілігі бұл түйткілді бас мердігерге тіреп отыр. Олардың дерегінше, ГРЭС-1-дегі энергоблокты қайта жөндеу жұмысына қарағандылық компания жауапты көрінеді.
Алайда, біраз уақыт болды бас мердігер қаржыландыруды тоқтатқан. Сондықтан, Екібастұздық кәсіпорын өкілдері қарызды өтеу жөніндегі талап-шартты әзірлеп жатқандығын алға тартты. Дегенмен, тараптардың кесірін қарапайым жұмысшылар тартуда.
Сейчас ведется работа с ним претензионная и исковые требования как бы выставляются о погашении задолженности и соответственно, когда эти вопросы решатся, то есть задолженность по зарплате будет выплачена.
Ольга Тимофеева, бас инженер:
Менің қызым Новосібір қаласында оқиды. Бірінші курстың студенті. Ақылы бөлімде. Бұған қоса, ай сайын баламның ішер тамағы мен киіміне ақша жіберіп тұруым қажет. Бірақ, міне, үш айдан асты еңбекақы алмай отырмыз.
Еңбек басқармасындағылар болса, бұл жайттан хабардар. Алайда, қолдан келер амал жоқ дейді, - шенеуніктер. Өйткені, жаңа жылға дейін шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланған.
Абзал Тоқпанов, Павлодар облысының мемлекеттік еңбек инспекторы:
Аталған ЖШС орта бизнес субъектісіне жатады. Бұл қаулы 2015 жылдың 1 қаңтарында күшін жояды. Сондықтан, біз тек 15 жылдың 1-ші қаңтарынан кейін ғана бұл шағым бойынша жұмыс жүргізе аламыз.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ