Қарағандыда өрт сөндіруші көліктің қатысуымен болған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдай қызметіне қарасты көлік пен жеке көлік соқтығысып, салдарынан өрт сөндіруші қаза тапқан еді. Тағы екі әріптесі ауруханаға түсті. Жол апаты Майқұдық-Доскей жолдарының қиылысында болған.
Алдын ала болжамға сәйкес, «Мерседес» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі жол бермей, қосымша жолдан басты жолға шығып кеткен. Салдарынан екі көлік те аударылып қалған. Оқиға орнында УАЗ қызметтік көлігінің жүргізушісі - 51 жастағы өрт сөндіру қызметінің өкілі қаза тапты. Өрт сөндірушілердің қызмет бабымен жолға шыққаны белгілі болып отыр.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА