«Аққулардың өміріне қауіп төніп тұр». Ақтаулық орнитологтар осылай деп дабыл қақты. Олар Каспийдің жағалауында қыстап қалатын әсем құстардың тағдырына алаңдаулы. Айтуларынша, тұрғындар аққуларға нан беруді әдетке айналдырған. Ал нанды тиісті мөлшерден артық жеу құстардың ағзасына зиянын тигізеді. Мамандар кез-келген құсты жеміс-жидекпен, көкөністермен немесе арнайы ботқалармен қоректендіру керек деп кеңес береді.
Айта өтейік, Каспий жағалауына қыстың алғашқы аязымен бірге аққулардың ұшып келеуі соңғы он жылдан бері байқалып отыр. Қала тұрғындары демалыс күндері құс төресін тамашалап, бір үзім нан тастауды әдетке айналдырған.
Достарыммен келеміз сабақтан кейін. Көбісі нанмен тамақтандырғаннан кейін, біз де нан әкеліп, нан береміз. Білген жоқпын, нан бергенде, ол өліп қалуы мүмкіндігін.