2015 жылдың қаңтарынан Иран Ресейге азық-түлік жеткізуді жандандырмақ. Бұл туралы «ТАСС» агенттігі «Россельхознадзор» өкіліне сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, ресейлік тарап ирандық өнімнің жоғары сапалы екендігіне көз жеткізген. Әңгіме сүт, балық, көкөніс және жеміс-жидек турасында болып отыр. Бұған қоса, екі ел өзара есепті доллармен жүргізбейтіндіктерін мәлімдеген. Бүгінде Ресей Иранның 20-ға жуық компаниясына экспорт рұқсаттамасын берген.
Еске салайық, Ресей бұл қадамға Еуропалық одақ азық-түлік өнімдеріне шектеулер қойғанынан кейін барып отыр, деп хабарлады «ТАСС».
Жұрағат БАМАН