Владимир Путин, Петр Порошенко, Франсуа Олланд және Германия канцлері Ангела Меркель өзара телефон әңгімесінде жаңа келіссөздер мерзімін белгіледі. Олар осы аптада 24 және 26-шы желтоқсан күндері Минскте бас қоспақ. Бұл туралы Lenta.ru Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Ақпар бойынша, тараптар Украинаның шығысындағы қақтығыстарды тоқтату режимін қадағалау маңызды екендігін мойындаған. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету, аймақтан ауыр қару-жарақты шығару және жанжалдасып жатқан тараптарды саяси диалогқа шақыру қажет екендігі айтылған.
Айта кетейік, аталған төрт ел лидерлері бірнеше күннен кейін телефон арқылы кеңестерін жалғастыра бермек.
Еске салсақ, 19 желтоқсанда байланыс жасаушы топ Донбасстағы шиеленісті реттеу мәселесі жөнінде видеоконференция өткізген болатын. Онда тараптар тұтқынға алынғандармен алмасу турасында келіскен.
Жұрағат БАМАН