Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай кемелері Жапониямен арадағы даулы арал аумағына енді

  • AstanaTV
  • 23 желтоқсан 2014
  • 2710

Қытай халықтық республикасының кемелері Жапониямен арадағы даулы Сенкаку аралдарына кірді. Бұл туралы «Рейтерс» хабарлады.

Жапондық шекара сақшылары қытайлық кемелерді байқап, су аймағын босатуды талап еткен. Алайда, қатаң іс-қимылдарға көшпеген көрінеді. Жалпы, Сенкаку аралдары Жапония мен Қытай - қарым-қатынасындағы «сүйел» себептердің бірі.

Еске салсақ, 2012 жылдың қыркүйегінде Токио жекеменшік аралдарды сатып алатындықтары туралы ақпар таратқаннан кейін, екі ел арасындағы дау шиеленісе түскен болатын. Бұдан кейін, Қытайда антижапондық ереуілдер өткен-ді. Сол кезден бері қытайлық кемелер даулы аралдың маңында орналастырылған.

Осыған байланысты жапондық жағалау күзеті 2015 жылға арналған бюджетін еселеуді сұрап, бөлінген қаражатты жаңа патрульдік кемелер мен ұшақтарды сатып алуға жұмсамақ. Ал кейбір ақпар бойынша, Қытай тарапы Сенкаку аралы маңында әскери база құрылысын бастаған-мыс.

Жұрағат БАМАН