Елімізден тағы бір ақпарат. Жаңа жыл қарсаңындағы қуаныш. Риддер қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың арманы орындалды. Облыстағы іскер әйелдердің қауымдастығы мүгедек жеткіншектердің өтініштерін жерге тастамапты.
Жарымжан балалар жақында аталған ұйымның атына хат жолдап, күнделікті тұрмыс пен жүріп-тұруларына қажетті заттар сұраған болатын. Олар ұялы телефондар, компьютерлер мен мүгедектік арбаларға қол жеткізгілері келген. Арада ай өтпей жатып кәсіпкерлер армандарды жүзеге асырды.
Арсений Ищенков «вертикализатор», яғни денесін тіктеп жүріге арналған құрылғы арманы екенін жеткізген. Сал ауруымен науқастанатын балаларға арналған ғажайып аппаратқа енді қол жеткізді. Онымен кітап оқып, сабаққа дайындалу кезінде арқаны тіктеп, бұлшық еттерді дамытуға мүмкіндік туады.
Тек Астанадағы арнайы бейімдеу орталығында бар мұндай құрылғының құны да арзан емес. Бірақ қайырымды жандар Арсенийге оны 500 мың теңгеге сатып әперіпті. Биыл үшінші сыныптың табалдырығын аттаған жеткіншек аппаратпен ары-бері жүріп көрді.
Арсений ИЩЕНКОВ:
Жақсы тұруға болады, маған қатты ұнады.
Наталья ТРОЯНОВСКАЯ:
Бұл біз үшін үлкен сыйлық болды, оның қажеттілігі туралы сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ол тұрып түрлі жаттығулар жасауға мүмкіндік алды. Тұрмыс үшін, баланың дамуы үшін қажетті құрылғы еді.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ