Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуропада жаңа жылдық сатылымдар басталды

  • AstanaTV
  • 24 желтоқсан 2014
  • 1509

Еуропада жаңа жылдық сатылымдар басталды. Күнтізбеде қызылмен белгіленген күндерді әрбір екінші еуропалық тұрғын аса ыждағатпен күткен. Енді сәнді киім-кешек сүйетін «жылтырақ құмар» азаматтар мен азаматшалар бірнеше апта бойы созылатын жеңілдіктерге қарық болмақ.

Жаппай сатылым кезінде бар жиған-тергенін тек француздықтар ғана емес, бүкіл еуропалықтар сарп етпек. Мерекелік сатылымда киім-кешек пен аяқ-киімдерге деген жеңілдіктер 50-80 пайызға дейін жететіні белгілі. Ал шоппинг орталықтары толассыз тұтынушыларды қабылдауға ерте қамданады.

Жұрағат БАМАН