Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен телекөпір өтеді

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2014
  • 1346

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстанды жаңаша индустрияландыру: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың қорытындылары» атты жалпы ұлттық телекөпір өтеді.

Сондай-ақ, Елбасы «Алтын сапа» сыйлығының иегерлерін салтанатты түрде марапаттайды деп күтілуде. Тағы бір маңызды жаңалық, бүгін Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы бастау алмақ. Президент жуырда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында, екінші бесжылдық инновацияға көбірек бет бұратынын атап өтті. Осы орайда кәсіпорындардың жаңа үлгілерін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы алдағы жаңалықтарымызда толығырақ айтатын боламыз.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА