Елімізде 2015 жылы атап өтілетін ауқымды мерекелердің жоспары бекітілді. Бұл мәселе Астанада өткен мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысында қаралды. Алдағы жылдың басты мерейтойы - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы екені белгілі.
Оны лайықты атап өту мақсатында деректі бейнефильмдер циклі дайындалмақ. Түрлі этностардың бейбіт шаңырақ астындағы өмірін бейнелейтін кітаптар әзірленеді. Татулық бен ауызбіршілікті насихаттап, ынтымақты ту еткендер арнайы марапатқа ие болады.
Сондай-ақ, кеңесте Конституцияның 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу де сөз болды. Алда Жеңістің 70 жылдығы келе жатыр. Бұл мерекенің жобасы да дайын.
Премьер-министр Бердібек Сапарбаев бірде-бір ардагер назардан тыс қалмайтынын баса айтты. Оларды үймен қамтамассыз ету, баспаналарын жөндеу жұмыстарын бүгіннен бастаған жөн, - деді вице-премьер. Отан Соғысы ардагерлерінің қатары жылдан-жылға сиреп барады. Үш ай бұрын олардың саны 5552 болса, бүгінде 5053 қарт жауынгер қалды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА