Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейде инфляция 10,5 пайызға жетті

  • AstanaTV
  • 25 желтоқсан 2014
  • 1518

Ресейде инфляция деңгейі 10 жарым пайыздан асып жығылды. Бір апта ішінде елдегі тауардың тұтынушылық құны рекордтық 0,9%-ға өсті, деп хабарлайды «РБК».

Осылайша орташа өсім 3 есе қымбаттаған. Соңғы рет мұндай қымбатшылық 5 жыл бұрын тіркелген.

Естеріңізде болса, 2008 жылы Ресейді де дағдарыс шарпыды. Елдің экономикалық министрлігі бұл жолғы инфляция ең көбі 5% дейін жетеді деп болжаған. Рубльдің құлдырауы салдарынан халықтың жалақысы құнсызданып, азық-түлік бағасы аспандап кетті.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА