«Ислам мемлекетінің» содырлары Ауғанстанның солтүстігіне жеткен. Бұл жайында бұқаралық ақпарат құралдарына Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді.
«Исламистер эмиссарларын Орталық Азияға таяу өңірлерде байқағандар бар», - дейді Лавров. Айтуынша, қазір экстремисттер Эбола індеті сынды жұртшылықтың үрейін тудырып отыр.
Қажетті шараларды қолға алмасақ екі дерттің де шектен шығатын түрі бар дейді. Ресей сыртқы істер министрі, «ислам мемлекетінің» көзін тамырымен жою керек деген ойда.
Айта өтейік, аталған лаңкесттік топтың өкілдері Ресей билігіне қаратып 2014 жылы мәлімдеме жасаған болатын. YouTube порталында экстремисттер Кавказдың солтүстігіне шабуыл жасайтындарын айтып, үркіткен.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА