Үндістанда күннің күрт суытуынан 92 адам көз жұмды. Қаза болғандар саны тағы көбеюі мүмкін. Сондағысы ауа температурасы небәрі -1,8 градусқа жеткен. Суық құрбандары, әсіресе халық тығыз орналасқан кедей штат Уттар Прадеште көп тіркелді. Жергілікті билік үйсіз жүргендерге уақытша орталықтарды жасақтап, отын мен жылы көрпелер таратуда.
Ал, синоптиктер жақын күндері күн райы жылый қоймайтынын айтады. Сондай-ақ, Малайзияның шығысында су тасқынынан 4 адам қаза болды. Соңғы 40 жылда бұл аймақта толассыз нөсер құйып келеді. Құтқарушылар адамдарды қауіпсіз жерге шығаруда. Ұзын саны 80 адам көшірілді. Жыл сайын қараша мен наурыз айларында солтүстік-шығыс муссон Малайзияға нөсер жауын айдап келеді. Салдарынан елдің шығысы су астында қалып жүр.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА