Русский Сайттың толық нұсқасы

Британдық «The Times» басылымы Германия канцлері Ангела Меркельді жыл адамы атады

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2014
  • 1330

Британдық «The Times» басылымы Германия канцлері Ангела Меркельді жыл адамы атады. Басылым мақаласы «Қауіпті еркектерге толы әлемде қажет әйел» деген тақырыппен шықты. 2014 жылы Меркель «Ресейдің Батыс Еуропаға қарсы басқыншылық әрекеті басталған кезде, еуропалық қауіпсіздікті сақтауда орталық рөл атқарды. Және Ресей мен Батыс арасында диалог орнатуға белсене қатысты» деп жазады «Times».

Ал 2013 жылы дәл осы басылым жыл адамы деп Владимир Путинді атаған еді. Газет өткен жылды Ресей көшбасшысының беделі қарыштаған кезең деп көрсетіп, оның Сирия жанжалын реттеудегі және Украина мәселесін шешудегі рөлін атаған еді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ