Русский Сайттың толық нұсқасы

Жеке медициналық орталықтарда қандай тегін көмек алуға болады?

  • AstanaTV
  • 29 желтоқсан 2014
  • 1869

Соңғы 5 жылда тегін медициналық көмектің көлемі артып, оған жеке меншік емханалардың қосар үлесі көбейді. 2015 жылы да 188 жеке меншік емхана медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында кейбір емдеу түрлерін тегін жүргізбек. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері хабарлады. Айтуларынша, медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қатысуға 599 емханадан өтініш түскен. Олардың 188-і – жеке меншік.

«Мемлекеттік тапсырысты ұтып алған ауруханалар медициналық қызметтің сапасына жауапты, бұл талап келісім-шартта көрсетілген», - дейді комитет төрағасының орынбасары Инна Стратулат. 2015 жылға медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қазынадан 227 миллиард теңге бөлінді. Бұл тұста елеулі жаңалық - созылмалы бүйрек сырқатына шалдыққандар үшін өмірлік маңызы зор гемодиализ аппаратымен ем алу мәселесі науқастар үшін қиындық тудырмайтын болды.

Нағима Нығманова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті басқарма басшысы:

Гемодиализ мәселесі толық шешілді. Әр науқас халықаралық стандарт бойынша 14 сеансқа дейін алады. Және гемодиализді пайдаланушы сырқат бұрын бір ғана аппаратқа байланған болса, қазір Қазақстанның кез келген аймағында ол кісіге бір тізім бойынша көмек көрсетіледі.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА