Алапат боранға байланысты Қарағанды облысындағы бірқатар жолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл жөнінде «Қазақавтожол» мекемесі хабар таратуда.
«Қызылорда-Павлодар» республикалық жолындағы бірқатар учаске жабылған. Сондай-ақ, Жезқазған мен Топар аралығында барлық көлік түрлері үшін жол жабылды. Бұдан бөлек, «Екатеринбург-Алматы» жолының Қарағанды мен Балқаш қаласы аралығында көлік қозғалысы шектелді.
Ал, Қазақстанның шығысында қалың қардың құрсауында қалған 75 автокөлікке дер кезінде құтқарушылар көмек жеткен. Төтенше жағдайлар қызметі өкілдерінің хабарлауынша, оның төртеуі - жолаушылар автобусы, ал қалғаны - жеңіл көліктер. Құтқарушылар 200-дей адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Базаркүл ОТЫНШИЕВА