Италияның «Норман Атлантик» паромында қаза тапқандар саны 10-ға жеткен. Оған қоса 50-ден аса жолаушы мен экипаж мүшесі төтенше жағдай мамандарынан көмек күтеді. Олар Адриатика теңізіндегі біртіндеп өртеніп жатқан кеме ішінде әлі де қалып отыр. Бұл жайында ТАСС ақпарат агенттігі хабарлайды. Құтқару шарасына бірнеше өртке қарсы су көліктері мен әскери тікұшақтар жұмылдырылған. Алайда әуеден құтқару операцияларына теңіздегі қатты жел кедергі келтіруде.
Грек билігі таратқан ақпараттар бойынша, кемеде 478 адам болған. Кешегі түнге дейін оның 316-сы қауіпсіз аймаққа жеткізіліпті. Италияның жағалау күзеті бір адамның қаза болғанын хабарлайды. Мәйіт пен жараланған әйел адамды Бриндизи портына жеткізгендерін айтқан.
Еске салсақ, кемеде өрт жексенбі таң ата шықты. Алып су көлігі Грекиядан Италияға бет алған. Әзірге оттың тұтануына нақты не себеп болғаны белгісіз. Дегенмен, жолаушылар өрт паромның 200-ден аса көлік тиелген бөлігінде басталған дейді.
Т.ОСПАНБАЕВА