Қостанайдағы лицейде оқушылардың жаппай улануының себептері анықталды

  • AstanaTV
  • 30 желтоқсан 2014

Қостанайдағы лицейде оқушылардың жаппай улануының алдын-ала себептері анықталды. Санитарлық дәрігерлер асханада стафилококк табылғанын мәлімдеді. Бұл бактерия шәкірттерге берілген палау және тұшпара тамақтарының құрамында болған.

Владимир Нечитайло, Қостанай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті бастығының орынбасары:

Үш тамақтың түрінен стафилококк анықталды. Қазіргі таңда бұл бактерияның адам арқылы немесе ас арқылы жұққанын тексеріп жатырмыз.

Естеріңізге салайық, өткен бейсенбі күні лицейдің 37 шәкірті астан ұшынып, оның он сегізі ауруханаға жатқызылған болатын. Қазір оқушылардың денсаулығы жақсарды. «Алдағы екі күнде олардың бәрі үйлеріне жіберіледі», - дейді  дәрігерлер. «Ал зертханалық сынамалардың нәтижесі толық дайын болмай, бұл оқиғаға кімнің кінәлі екендігін айту қиын», - дейді тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілдері.

Заңғар САНАЙ